2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрлігіндегі кеңейтілген алқа отырысында айтылғандай, қылмыстың барлық негізгі санаты бойынша төмендеу байқалды. Алдын алу шараларының нәтижесінде бұрын сотталған адамдармен, кәмелетке толмағандармен, алкогольдік масаң күйде, сондай-ақ қоғамдық орындар мен тұрмыстық-отбасылық салада жасалған қылмыстардың саны азайды.
Жүйелі профилактикалық жұмыстың нәтижесінде мүліктік қылмыстар да төмендеді. Ұрлық саны 16,4%-ға, мал ұрлығы 15,8%-ға қысқарды.
Министр Ержан Сәденов ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру қажет екенін атап өтті. Басшыларға жұмыс нәтижесі үшін жеке жауапкершілік жүктеліп, анықталған олқылықтарды жедел жою және басқару тиімділігін арттыру тапсырылды.
