Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы тамыздағы жағдай бойынша «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен 10 азамат тіркелген. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел.

Бюроның хабарлауынша, Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 4 адам. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.

Сондай-ақ, 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.