Қазақстанда салынып жатқан әрбір екінші үй рұқсатсыз салынып жатыр. Мұндай деректер мемлекеттік тұрғын үй порталында жарияланды. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша үлестік қатысуға тыйым салынған 168 тұрғын үй кешені бар, — деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада ең көп құрылыс салушы-бұзушылар анықталды. Тізімде жүздеген тұрғын үй бар.

Алматыда тұрғын үй сатып алуға болмайтын 6 нысан бар, олар:

«Верона» «Достар Делюкс» «Орда Сити» «Демеу Резиденс» «Толе Би Резиденс» «Ауэзов Апартаменты»

Шымкентте сатуға тыйым салынған тізімде барлығы бес тұрғын үй бар:

Capital City. «Тарту». «Латифа». Alim. Capital.

Аймақтардағы заңсыз салынып жатқан үйлер саны. Фото: homeportal.kz

Егер аймақтар бойынша айтар болсақ, заңсыз салынып жатқан үйлер Абай облысында және ШҚО-да көп. Әрқайсында заңсыз салынып жатқан 15 тұрғын үй бар.

Одан кейін Атырау облысында — 8 тұрғын үй, Ақтөбе облысында 5, Ақмола және Қостанай облыстарында 1 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр екен.

Айта кетейік, заңсыз салынып жатқан тұрғын үйден пәтер алу қауіпті. Себебі пәтер аламын деп ақша салғандар үйді де, ақшасын да қайтарып ала алмауы мүмкін.