Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоғары сұранысқа ие мамандардың тізімін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қай салаларда тапшылық байқалады

Соңғы мәліметтер бойынша, мамандар тапшылығы әсіресе медицина саласында, сондай-ақ жұмысшы, техникалық және инженерлік кәсіптерде байқалады.

Сұранысқа ие мамандықтар

Министрлік жариялаған тізімде мына мамандықтар бар:

  • 01акушер-гинеколог;
  • 02педиатр;
  • 03анестезиолог-реаниматолог;
  • 04онколог;
  • 05неонатолог;
  • 06эндокринолог;
  • 07электрик;
  • 08механик;
  • 09слесарь;
  • 10дәнекерлеуші;
  • 11машинист;
  • 12жабдық операторы;
  • 13құрылысшы;
  • 14жүргізуші;
  • 15инженер;
  • 16өндірістік процестерді автоматтандыру мамандары;
  • 17бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер;
  • 18қолданбалы бағдарламаларды жасаушылар және басқа да IT-мамандар.

2035 жылға дейінгі болжам

Министрлік мамандарының болжамынша, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның жартысынан астамына сұраныс жұмысшы кәсіптеріне тиесілі. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің ел экономикасын қажетті кадрлармен қамтамасыз етудегі маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Кадр тапшылығының себебі

Министрлік мәліметінше, қазіргі кадр тапшылығы еңбек ресурстарының жалпы жетіспеушілігінен гөрі, жұмысшылардың біліктілігі мен экономика сұранысының сәйкес келмеуіне байланысты болып отыр.