Жазғы демалыс кезінде тауға немесе орманға барған адамдардың көбі үйге гүл теріп қайтады. Алайда мұндай әрекет үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Себебі Қазақстанда сирек кездесетін және жойылу қаупі бар көптеген өсімдік түрі бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызыл кітапқа енген жүздеген өсімдік бар
Қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 387 түрі енгізілген. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің тізімі үкімет қаулысымен бекітілген.
Қазақстандағы сирек өсімдіктердің кейбір түрлері:
- 01Виталий шөмішгүлі
- 02Көк сағыз
- 03Жаңғақты лотос
- 04Сарғылт құндызшөп
- 05Қаратау шөмішгүлі
- 06Островский қызғалдағы
- 07Қазақстан өлеңшөбі
- 08Грейг қызғалдағы
- 09Көктем жанаргүлі
- 10Корольков қызғалдағы
- 11Бұйра лалагүл
- 12Түркістан гүлкекіресі
- 13Дала шұғылығы
Сирек өсімдіктерді жұлғаны үшін жаза бар
Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктерді жұлуға, жинауға, сақтауға және тасымалдауға тыйым салынады. Бұл әрекет үшін мынадай жаза қарастырылған: - 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл (2026 жылы – 12,95 млн теңгеге дейін) - түзеу жұмыстары - 800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар - үш жылға дейін бас бостандығын шектеу - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру Сонымен қатар заң бұзған адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін. Сондай-ақ белгілі бір лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру шарасы қолданылуы ықтимал.
Мысалдар
Айта кетері, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, сатқан тұрғын жауапқа тартылған болатын. Ал биыл Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округі аумағында Грейг қызғалдақтарын трактормен таптағаны жайлы видео тараған еді. Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинағандар ұсталды (17 Қараша 2025).
