Қытайлық Nordcross маркасының екі жаңа электромобилі Қазақстанда көлік құралы түрін бекіту (ОТТС) алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы «Китайские автомобили» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құжаттар автомобильдерді Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанда жаппай сатуды бастауға мүмкіндік береді.
Сертификатталған электромобильдер Lotus Eletre және Lotus Emeya модельдерінің базасында жасалған. Сертификаттар 2029 жылдың шілдесіне дейін жарамды.
Құжаттарда автомобильдер Nordcross NSS01 және Nordcross NSN01 деп көрсетілген, бірақ нарыққа олар Nordcross S01 және Nordcross N01 атауларымен шығады деп күтілуде.
Nordcross S01 — ұзындығы 5103 мм болатын толық өлшемді кроссовер, төрт немесе бес орындық салоны бар. Сатып алушыларға екі нұсқа ұсынылады: қуаты 612 а.к. екі электр қозғалтқышымен немесе 918 а.к. үш электр қозғалтқышымен. Сыйымдылығы 112 кВт·сағ батарея 490–530 шақырым жүру қорын қамтамасыз етеді.
Nordcross N01 — ұзындығы 5139 мм болатын үлкен лифтбэк. Ол да төрт және бес орындық нұсқаларда қол жетімді және қуаты 612 немесе 918 а.к. қозғалтқыштармен жабдықталған. Сыйымдылығы 102 кВт·сағ аккумулятор 480–525 шақырым жүруге мүмкіндік береді.
Сертификация Қазақстанда жүргізілгенімен, жаңа модельдер, ең алдымен, Ресейде сатылады. Nordcross жобасы бастапқыда Ресей нарығына арналған.
Қазір бренд Lynk & Co 09 базасындағы Nordcross 001 кроссоверімен ұсынылған. Ресейде оның бағасы 7,13 млн рубль (шамамен 43,56 млн теңге). Салыстыру үшін, Қазақстанда ресми Lynk & Co 09 25,69–28,49 млн теңгеге сатылады.
Nordcross маркасы Heilongjiang North Special Purpose Vehicle қытайлық кәсіпорнының базасында құрылған, ол модельдік қатарды бес автомобильге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Курсив Авто ресейліктердің бензин проблемаларына байланысты электромобильдер мен гибридтерге көшетінін жазған.
