Қазақстанда неке құратындар саны 20 жыл ішінде ең төменгі деңгейге дейін қысқарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 21,6 мың неке тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ке аз. Ал ажырасу саны керісінше артып жатыр. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 11,2 мың неке бұзылды. Былтыр дәл осы уақытта 10,2 мың отбасы ажырасқан. Бұл соңғы жеті жылдағы ең үлкен көрсеткіш.
Жалпы ажырасу деңгейі әлем бойынша артып келеді, былтыр Жапон елі көшбастаған. Қазақстандағы неке мен ажырасудың негізгі бөлігі қалалық жерлерге тиесілі. 2026 жылдың бірінші тоқсанында қалаларда 14,5 мың неке тіркелді, ал ауылда 7,1 мың неке. Бір жыл ішінде қалаларда неке саны 1,4%-ке, ал ауылдарда бірден 8,8%-ке азайды.
Ал ажырасатындар да қалалық жердегілер. Биыл қаңтар-наурыз айларында қалаларда 8,4 мың, ауылдық жерлерде 2,8 мың неке бұзылды. Биыл Алматы мен Астана, Түркістан облыстарында көп неке қиылған. Ал Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысында керісінше биыл некеге тұрғандар саны тым аз. Ажырасатындарға келсек, Ұлытау, Қостанай және Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ал Түркістан облысында ажырасатындар тым аз.
