Қазақстанда некелесу коэффициенті тәуелсіздік тарихындағы ең төменгі көрсеткішке жетіп, 5,62-ні құрады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Соңғы деректер бойынша, елде 114,5 мың неке тіркелген. Бұл одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға аз және соңғы 22 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Елде халық саны өсіп жатқанына қарамастан, жаңадан отау құратындар саны керісінше азайып барады.
1991 жылдан бері некелесу коэффициенті екі рет шарықтау шегіне жеткен: 1991 жылы (10,1) және 2013 жылы (9,89). Екінші максимумнан кейін елімізде неке санының тұрақты төмендеуі байқалады. Соңғы 12 жылда бұл көрсеткіш 4,27 пунктке құлдыраған.
««Коэффициенттің төмендеуінің өзі некеге деген қызығушылықтың азайғанын білдірмейді. Бұл – тіркелген одақтар санына ғана емес, халық санына да байланысты салыстырмалы көрсеткіш. 2014 жылдан бастап елде 18 бен 39 жас аралығындағы адамдар саны азайған, ал барлық некенің 85%-дан астамы осы топқа тиесілі. 2023–2024 жылдары олардың саны өсе бастады, бірақ бұл жалпы үрдісті өзгертуге жеткіліксіз болды», – деп түсіндіреді сарапшылар.»
—
Бұдан бөлек, соңғы он жылда некеге тұрудың орташа жасы 27,1-ден 27,9 жасқа дейін өскен. Мемлекеттік есепке алынбайтын азаматтық және діни некелер санының артуы да статистикаға әсер ететін маңызды фактор болып отыр.
Фото: Pixabay
