Елімізде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында жаңа көшбасшы-басқарушылар дайындалып жатыр, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қатысуға 13 796 адам өтініш берген. Оның ішінде құжаттары бойынша 4 950 педагог іріктеуден өтті.
««Бүгінде тестілеуден сәтті өткен 567 педагог оқытудан өтіп жатыр (24 — мектепке дейінгі білім беру, 496 — орта білім, 47 — ТжКБ). Биыл үміткерлер білім берудің үш деңгейі — мектепке дейінгі, орта білім және техникалық, кәсіптік білім беру бойынша оқиды», – деді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева.»
—
Айта кетсек, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар республикалық кадр резервіне бір жылға қосылады. Содан кейін олар алған білімдерін еліміздің білім беру мекемелерін басқаруда қолдана алады.