Қазақстан мен Үндістан цифрлық криминалистика мамандарын қос дипломды бағдарлама бойынша даярлауды бастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ІІМ Басқару академиясында еліміздің күштік құрылымдары жүйесінде алғаш рет цифрлық криминалистика бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарлама аясында ҚР ІІМ Басқару академиясының 20 магистранты цифрлық криминалистика, киберқауіпсіздік, сот сараптамасы және қылмыстарды тергеудің заманауи әдістері бағыттары бойынша білім алады, деп хабарлады министрлік.
NFSU – Үндістандағы сот сараптамасы, криминология, цифрлық криминалистика және киберқауіпсіздік салаларында мамандар даярлаумен және ғылыми зерттеулермен айналысатын мамандандырылған университет.
Ынтымақтастық қазақстандық мамандарға халықаралық тәжірибе жинақтап, цифрлық ортадағы қылмыстарды тергеуге қажетті заманауи практикалық білім алуға мүмкіндік береді.
Оқу қорытындысы бойынша түлектер екі университеттің дипломын алады.
