Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жалғасып жатыр. 2026 жылдың 9 қыркүйегіндегі жағдай бойынша есепті аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы төмендегені байқалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Апта ішінде картоптың (-6,9%), пияздың (-5,9%), ақ қырыққабаттың (-5,1%), сәбіздің (-4,5%), алманың (-0,8%), нанның (-0,4%) және ірімшіктің (-0,3%) бағасы төмендеді.
Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлердегі дефляциялық динамика
Өңірлік бөліністе елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының жалпы деңгейі Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында 0,1%-ға төмендеді.
Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Орташа бағалар
Республика бойынша пияздың орташа бағасы бір килограмына 156 теңгені құрады. Бұл ретте ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді – бір килограмына 123 теңге.
Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы бір килограмына 227 теңгені құрады. Ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді – бір килограмына 146 теңге.
Республика бойынша картоптың орташа бағасы бір килограмына 217 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 152 теңге және Қостанай қаласында – 184 теңге деңгейінде тіркелді.
Республика бойынша қызанақтың орташа бағасы бір килограмына 586 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді – бір килограмына 347 теңге.
