Қазақстандық кардиохирургтер жүрек және қан тамырлары аурулары бар науқастарды емдеу бойынша жұмыс қорытындыларын шығарды. Клиникалардың заманауи жабдықталуының арқасында елімізде азаматтарға тегін қолжетімді жоғары технологиялық араласулар саны артып келеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 6 мыңға жуық пациент жоғары технологиялық медициналық көмек алды. Жүрек және қан тамырларына күрделі операцияларды жүргізуге 91,3 млрд теңге бағытталды.

Ведомство барлық мамандандырылған көмек қазақстандықтарға тегін көрсетілгенін, ол ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) пакеттері аясында жүзеге асырылғанын еске салды.

«Бүгінде елімізде жүрек және қан тамырлары аурулары кезінде күрделі араласулардың кең спектрі орындалады. Заманауи технологиялар мен кардиохирургиялық орталықтардың жабдықталуы пациенттерге жоспарлы тәртіпте де, шұғыл араласуды қажет ететін жедел жағдайларда да мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін «Курсив» Алматыдағы кардиохирургияны қаржыландыру соңғы бірнеше жылда төрт есеге жуық өскенін, бұл МӘМС аясында тегін операциялар санын екі есеге арттыруға мүмкіндік бергенін хабарлаған болатын.

Осыған дейін Өскеменде дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған науқасқа күрделі операция жасағаны белгілі болды. Жас жігіт ауруханаға ауыр жарақатпен түскен. Операция кезінде оның жүрегі тоқтап қалған, алайда дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Егер мақала сізде алаңдаушылық тудырса, оны жасанды психологпен талқылаңыз.