Қазақстанда инклюзивті білім беретін бөлек мектептер салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, елде үлкен инфрақұрылымдық жобалар аясында инклюзивті мектептер салу қарастырылуда. Бұған дейін президент Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру қажеттігін айтқан. Себебі ақшаның құны уақыт өте келе төмендей береді.

Сүлейменованың сөзінше, әлеуметтік нысандардан бөлек әуежайлар, вокзалдар, сумен қамтитын ірі құрылғылар, өндірістер, кәсіпорындар, темір және автожолдар жоғары қарқынмен салынады. Бұл шаралар елдің инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.