Қазақстанда халал бөліп төлеу жүйесі іске қосылмақ, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Zaman Bank басқарма төрағасының орынбасары Диар Смағұлов Forbes басылымына берген сұхбатында маркетплейстерде халал бөліп төлеу қызметін іске қосуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

«“Маркетплейс құру – өте ұзақ әрі қымбат үдеріс. Kaspi-де бұл шамамен 10 жылға созылды. Біз басқа жолды таңдаймыз: қолданыстағы маркетплейстермен коллаборация жасау арқылы халал бөліп төлеу қызметін ұсынамыз. Егер жоба сәтті болса, болашақта Amazon секіоді әлемдік платформаларға шығуға мүмкіндік туады”, – деді Диар Смағұлов.»