Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарындағы өндірістің көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 126,6 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға көп.
Бүгінде елімізде фармацевтикалық және медициналық өнім өндіретін 209 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді. Отандық өнімнің заттай көрсеткіштердегі үлесі 40,3%-ға жетті.
Сегіз ірі жоба Қазақстанда алғаш рет 494-тен астам атаудағы дәрілік заттарды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қантамыр, аутоиммундық, орфандық және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттар бар.
Нәтижесінде бұл пациенттер үшін қолжетімді дәрілік заттардың көбірек болуын және елдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттыруды білдіреді.
