Қазақстанда бір аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз (әрқайсысы - 3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасының төмендеуі тіркелді.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ал ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді. Ол жақта бір келісі 357 теңге тұрады.

Күріштің орташа бағасы - 534 теңге. Ең қолжетімді баға Қызылорда (456 теңге) мен Алматыда (478 теңге) тіркелген. Ал ең арзан қырыққабатты Түркістан қаласында бір келісі үшін 137 теңгеге сатып алуға болады.

Бұдан бөлек, I санаттағы 10 дана жұмыртқаның ең төмен бағасы Қызылордада (464 теңге) және Оралда (476 теңге) тіркелді.