Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда емделген шетелдіктердің санын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде Қазақстанға медициналық туризммен келетін шетелдіктердің саны жыл сайын көбейіп келеді. Министр үкімет отырысында: "Қазақстанның басты артықшылығы – көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімді құнының үйлесуі. Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады", - деді.
Осы уақытқа дейін Қазақстандағы 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясын алған. "Бүгінде денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленуде", - деп атап өтті Мырзабосынов.
Үкіметтің бүгінгі отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы уақытта қолайлы бағамен қосымша рейстер ұйымдастыруды тапсырды.
