Қазақстанда 2024-2025 жылдары 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің хабарлауынша, геологиялық барлау жұмыстары алтын, күміс, мыс, хром, темір және фосфорит кендері ресурстарының, сондай-ақ жер асты сулары қорларының өсуін қамтамасыз етті.

Мемлекеттік есепте пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлеріне жататын 10 мыңға жуық кен орны бар.

Сонымен қатар, сирек кездесетін жер металдарының 935,4 мың тонна болжамды ресурсы анықталды. Зерттеулер 11 учаскеде аяқталды. Ең перспективалы учаскелердің бірі – Қарағанды облысындағы Құйректыкөл. Мұнда заманауи жоғары технологиялық өндірістерде сұранысқа ие сирек жер металдары анықталды.