Қазақстанда дәрігерге жазылуды жеңілдету жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттер үшін не өзгеретінін түсіндірді. 2026 жылдың соңына дейін дәрігерге жазылудың бірыңғай жүйесі құрылады.

Жазылулар кем дегенде 30 күн бұрын ашылуы керек, ал бос орындарды себепсіз жабуға рұқсат етілмейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің депутаттар ауалына берген жауабына сәйкес, емханалар пациенттерге дұрыс дәрігерді таңдауға және жазылуға көмектесетін қызметті (тіркеу орындары мен байланыс орталықтарына негізделген) құруды жоспарлап отыр.