Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі цифрлық активтермен төлем жасау тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-министр Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, бүгінде цифрлық активтерді күнделікті төлемдерде қолдану бағыты дамып келеді. Ол бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында мәлімдеді.

Binance Kazakhstan және Alatau City Bank бірлескен жобасы

Мәселен, Binance Kazakhstan және Alatau City Bank-пен бірлесіп цифрлық активтермен төлем жасау мүмкіндігі іске қосылды.

«Пайдаланушының QR-код арқылы цифрлық активтермен төлеуге, ал сатушының төлемді теңгемен қабылдауға мүмкіндігі бар. Бүгін бұл сервис Қазақстан бойынша 5 000-нан астам сауда нүктесінде қолжетімді. Қазірдің өзінде 100-ден астам транзакция жүргізілді», — деді Байтұрсынов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Келесі қадамдар

Ендігі кезекте Halyk Bank, Freedom Pay және Tarlan-мен интеграция жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, күнделікті төлемдер үшін теңгеге байланған стейблкоиндарды енгізу қарастырылған.