Қазақстанда жаңа банк ашылуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк басшылығы China Construction Bank (CCB) төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Қазақстанның банк секторының жай-күйі мен даму болашағы талқыланды. Ресми хабарламада айтылғандай, тараптар екіжақты қаржылық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда CCB еншілес банкін құру мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Айта кетері, Қытайдың құрылыс банкі әлемдегі ірі банктердің бірі болып саналады. Қаржы ұйымы әлем бойынша 6 триллион доллардың активтерін басқарады.
