Шілде айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, маусыммен салыстырғанда бос жұмыс орындары саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер 11,5%-ға өскен.

Мамандар бұл өзгерісті жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланыстырады. Министрліктегілер: "Осы уақытта оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны артады. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің ұсынысы сұранысқа қарағанда жылдамырақ өседі", - дейді.

Салалар бойынша сұраныс

Жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді - 23,4 мың бос жұмыс орны. Басқа салалардағы көрсеткіштер:

  • 01Өзге қызметтер көрсету - 16,0 мың
  • 02Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет - 10,3 мың
  • 03Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 8,2 мың
  • 04Өңдеу өнеркәсібі - 6,8 мың
  • 05Құрылыс - 5,7 мың

Өңірлер бойынша көшбасшылар

Ең көп бос жұмыс орны тіркелген өңірлер:

  • 01Астана - 8,8 мың
  • 02Түркістан облысы - 7,6 мың
  • 03Павлодар облысы - 7,1 мың
  • 04Алматы қаласы - 7,0 мың
  • 05Ақмола облысы - 6,9 мың

Жалақы ұсыныстары

Шілдедегі ең жоғары ұсынылған жалақылар:

  • 01Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы - шамамен 1,12 млн теңге
  • 02Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор - шамамен 0,91 млн теңге
  • 03Маркетинг және өнімді өткізу бөлімі бастығының орынбасары - шамамен 0,90 млн теңге

Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер:

  • 01Ұшқыштар - шамамен 2,39 млн теңге
  • 02Стюардессалар - шамамен 1,43 млн теңге
  • 03Электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер - шамамен 1,32 млн теңге