9 шілде күні Қазақстанның мемлекеттік орман қорында алты орман өрті орын алды. Барлық өрт ошақтары жедел анықталып, толық жойылды, оттың таралуына жол берілмеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Экология министрлігінің мәліметінше, бір өрт Жамбыл облысында болды. Тағы бір ошақ Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында тіркелді. Тағы екі өрт «Ертіс орманы» резерватында орын алды.

«Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуе патрульдеуі, орман өрттерін ерте анықтау жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері жүргізетін жерүсті мониторингі кезінде анықталды. Жедел жұмыстың арқасында барлық өрттер қысқа мерзімде сөндірілді», — деп хабарлады ведомство.

Өртті жоюға мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, авиациялық өрт сөндіру қызметінің десантшылары, тікұшақтар және арнайы техника жұмылдырылды.

Алдыңғы күні Экология министрлігі қазақстандықтарға орман өрттерінің жиілеуіне байланысты үндеу жасаған болатын. Сонымен қатар, «Қазгидромет» деректері бойынша, Қазақстан температураның өсу қарқыны бойынша әлемді басып озады. Синоптиктер елдегі шыдамсыз ыстықтың себебін де түсіндірді.