Қазақстанда бейрезиденттер үшін шот ашу және карта алу ережелері өзгертілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Sputnik Қазақстанға бұл кейбір БАҚ хабарлағандай талаптарды жеңілдету емес, тәсілдің өзгеруі екенін түсіндірді.
Агенттіктің мәлімдеуінше, бейрезиденттерді бақылау деңгейі өзгеріп жатқан жоқ, тек олардың тәуекелін анықтау тәсілі өзгерді: бейрезиденттер енді тек осы мәртебесіне бола автоматты түрде тәуекелі жоғары клиенттер ретінде жіктелмейді.
Банктер әрбір клиентті жеке бағалауы керек: олардың операциялары, шотты пайдалану мақсаты, белсенділігі және іскерлік қарым-қатынастың сипаты.
Тәуекелі жоғары клиенттер үшін күшейтілген тексеру және транзакцияларды бақылау шаралары қолданылады.
