Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми хабарламаға сәйкес, жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, мамырдағы 10,4%-дан маусым айында 10,3% деңгейіне жетті. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеген. Айлық инфляция маусым айында 0,8%, ал базалық инфляцияның маусымдық факторлар ескерілмеген бағалау медианасы 0,9% болды.
Айта кетері, бұған дейін ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 проценттен 17-ге дейін төмендеткен болатын. Сонымен қатар, Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттерге қалай әсер ететінін айтты.
