Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын қарастыруды ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін президент Тамыз конференциясында осы мәселеге баса назар аударды. Себебі бүгінде әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді.
Президенттің ұсынысы
"Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын. Көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады. Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді", - деді Тоқаев.
Міндетті SIM-карталар
Президенттің айтуынша, үкімет балаларды қорғау мақсатында контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдағаны жөн. "Сондықтан балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады", - деді президент.
