Елде мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына 80 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл қаражатқа 40 мың бас ірі қара және 20 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған.
Биылдың өзінде алыс шетелдерден Қазақстанға 7 234 бас ірі қара жеткізілген.
Түркістан облысы
Түркістан облысына жыл басынан бері етті және сүтті бағыттағы 860 бас ірі қара әкелінді.
"Азия Милк" тауарлы-сүт фермасына Даниядан голштин тұқымды 165 бас малдың кезекті партиясы жеткізілді. Сонымен аталған шаруашылыққа Даниядан әкелінген малдың жалпы саны 330 басқа жетті.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында "Буденное СК" серіктестігінің сүт кешеніне Германиядан голштин тұқымды 165 қашардың кезекті легі әкелінді. Бұл – шаруашылыққа жеткізілген бесінші лек.
Осылайша, кәсіпорындағы мал басының жалпы саны 825-ке жетті, дейді министрлік. Алғашқы малдар жыл басында жеткізілсе, наурыз айында фермада алғашқы төл алынды.
Мал жеткізу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін шаруашылық импортталған асыл тұқымды мал басымен толық жасақталады.
Жоспардың мақсаты
Айталырнша, қабылданған шараларды іске асыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал басын кезең-кезеңімен жаңартуға, жануарлардың өнімділігін арттыруға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.
