Келесі жылы Қазақстанда «Astana» атауымен отандық автобустар шығарылады. Бұл туралы «Astana Motors» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық автобустардың сыртқы және ішкі көрінісі таныстырылды. Смағұловтың айтуынша, дизель және газбен жүретін автобустар биыл қараша айында шығарылады. Ал электробустардың өндірісі келесі жылы басталады.
«Электробустарды шығару бойынша біздің әріптесіміз – BYD. Ал электробустардың өндірісі 2027 жылы наурыз айында басталады», – деді Смағұлов.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың BYD көліктерінің зауытын Қазақстанда ашу қажеттігін ерекше айтты. Бүгінде бұл компания Өзбекстанда өз өндірісін ашқан.
