Қазақстанда кейбір жүргізушілер ақылы жолдарды тегін пайдалана алады. Жеңілдікті жол жүру құқығы арнайы қызметтерге, жекелеген тасымалдаушыларға, іргелес аудандардың тұрғындарына және тағы бірқатар көлік санаттарына берілген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңілдік алушылардың тізімі ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 5-2-бабында бекітілген.

Ақылы трассаларды тегін пайдалануға қызметтік міндеттерін орындайтын арнайы автомобильдер құқылы. Оларға мынадай көліктер жатады:

  • 01жедел жәрдем көліктері;
  • 02өрт сөндіру қызметінің көліктері;
  • 03құқық қорғау органдарының көліктері;
  • 04арнайы мемлекеттік органдардың көліктері;
  • 05төтенше жағдайлар қызметінің көліктері.

Сондай-ақ жеңілдіктер азаматтық көліктің жекелеген санаттарына да қолданылады. Олардың қатарында:

  • 01ақылы трассаға іргелес елді мекендер мен аудандық, облыстық орталықтар, Астана немесе республикалық маңызы бар қалалар арасында тұрақты қала маңы тасымалын жүзеге асыратын автобустар;
  • 02ақылы жолға іргелес аудандарда тіркелген және сол жолдың бойындағы елді мекендерге қатынайтын жеке тұлғалардың көліктері;
  • 03ақылы жолдың бойында орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көліктері;
  • 04ақылы жолдың бойындағы елді мекендерде тұратын мүгедектердің көліктері;
  • 05ақылы жолдарды пайдаланушы мемлекеттік органдардың көліктері.

Автокөлікті жеңілдік алушылар тізіліміне енгізу үшін «КазАвтоЖолға» мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • 01көлік құралын тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  • 02жеңілдік құқығын растайтын құжат (мысалы, мүгедектік туралы анықтама, қызметтік куәлік, т.б.);
  • 03өтініш.

Есте сақтау маңызды: жеңілдік мемлекеттік нөмір ақпараттық жүйеге енгізілгеннен кейін ғана қолданыла бастайды. Осы сәтке дейін жолдардағы жүру ақысы жалпы негізде төленеді.

Бұған дейін Курсив Авто ақылы трассаларды үнемі пайдаланатын жүргізушілер айлық немесе жылдық абонемент ресімдеп, жол жүру ақысын үнемдей алатынын жазған болатын.