Қазақстанда алғаш рет әйел жауынгер Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қымбат есімді жауынгердің лақап аты – «Китана». Бұл туралы Ұлттық ұлан хабарлады.
Қымбаттың қабілеті Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында байқалған. Ол жарыс барысында мергендігімен ерекшеленіп, арнайы жасақ жауынгерлерінің назарын аударған.
Қымбат – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның алты дүркін чемпионы және джиу-джитсудан үш дүркін әлем чемпионы. Қазір ол крап беретін алу үшін арнайы сынаққа дайындалып жатыр.
Егер сынақтан сәтті өтсе, Ұлттық ұлан тарихында бұл ерекше белгіні алған алғашқы әйел атанады.
