2026 жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғандарға салынатын айыппұлдар мөлшері айтарлықтай артты. Бұл өзгерістерге себеп — айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюы.

АЕК-ке байланған айыппұлдар мен төлемдер жаңа мөлшерге сай қайта есептеліп, елдегі құқықбұзушылықтарға қатысты әкімшілік жауапкершіліктің қаржылық салмағы артты.

Бұл туралы qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Боқтық айту мен қоқыс тастаудың айыппұлы қаншаға өсті?

2026 жылы АЕК 4 325 теңгеге дейін көтерілді (2025 жылы — 3 932 теңге). Осыған сай қоғамдық орындарда боқтық сөз айтуға салынатын айыппұл 86 500 теңгеге жетті (бұрын – 78 640 теңге, 20 АЕК).

Қалалық саябақтар мен қоғамдық жерлерді ластағандарға да жазалау қатайды:

  • 01Алғашқы құқықбұзушылық үшін – 10 АЕК немесе 43 250 теңге;
  • 02Қайталанса – 20 АЕК немесе 86 500 теңге.

Сондай-ақ, ішімдік ішіп немесе мас күйде қоғамдық жерде жүргендерге:

  • 01Ең төменгі айыппұл – 21 625 теңге (5 АЕК);
  • 02Қайталанған жағдайда – 43 250 теңге (10 АЕК).

Вандализм мен ұсақ бұзақылықтың жазасы қалай өзгерді?

Қасақана бұзақылық (вандализм) жасағандарға қатысты жазалар қатаңдатылды. Енді оған байланысты айыппұлдар:

  • 01Ең төменгі — 100–200 АЕК (432 500 – 865 000 теңге);
  • 02Ауырлататын жағдайда — 500–2 000 АЕК (2,1 млн – 8,6 млн теңге).

Егер вандализмді кәмелетке толмаған жасөспірім жасаса, ата-ана немесе қамқоршыға 15 АЕК — 64 875 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Ал қоғамдық мекемелер, ғимараттар немесе көліктегі мүлікке зиян келтірсіңіз, бұл ұсақ бұзақылық саналып, 50 АЕК — 216 250 теңге айыппұл салады.