Қазақстанда «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуына қатысатын әскерлерді қайта орналастыру басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға дайындық аясында биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасының аумағында қару-жарақ, әскери техника және жеке құрам жауынгерлік даярлық іс-шаралары өтетін аудандарға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

«Әскерлерді тасымалдау теміржол эшелондары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарымен қозғалатын әскери автоколонналар, сондай-ақ майдандық және армиялық авиация арқылы аралас тәсілмен жүзеге асырылады», - деп жазылған хабарламада.

Оқу-жаттығу барысында әскерлерді қолдану, құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте бірыңғай жедел түрде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері пысықталады.

Осыған байланысты ведомство азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұрады.