Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын Абай есімді азаматтардың нақты санын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тіркелген. Олардың көбісі үш өңірде тұрады: Астана – 2 186; Түркістан облысы – 2 008; Алматы қаласы – 1 740.
Қазақстандағы жасы үлкен Абай 94-те, ал есім ең көп таралған жас тобы – 30-34-тің арасы. Осы жастағы Абайлардың саны 3 267 адамды құрайды.
Бұдан бөлек, Қазақстанда 37 844 Ибраһим бар. Соның ішінде есімі "Ибрагим" және "Ибрахим" деп жазылатындар аз емес.
Айта кетері, былтыр Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрған.
