2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 трлн 226 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады.
Ет өндірісі 846,5 мың тоннаға жетті
Есепті кезеңде елімізде барлық ет түрлерін өндіру көлемі 846,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға жоғары.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сиыр еті өндірісі 301,6 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 282,3 мың тонна болған.
Қой еті өндірісі 88,6 мың тоннадан 91,2 мың тоннаға, жылқы еті 115,3 мың тоннадан 119,9 мың тоннаға дейін өсті.
Құс еті өндірісі де қарқынды дамып, биыл 277 мың тоннаға жеткен.
Мал басының саны артып келеді
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны да артып келеді, дейді министрлік. Есепті кезеңде:
- 01ірі қара мал саны 8 778,4 мың басқа (103,4%);
- 02қой мен ешкі саны 22 609,5 мың басқа (102,3%);
- 03жылқы саны 4 787 мың басқа (107,3%);
- 04түйе саны 311,5 мың басқа (104%) жетті.
