Қазақстанда 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 9 айлық тексерістің нәтижесін жариялады. Тексерістердің нәтижесі бойынша аумақтық департаменттер заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдардың лицензияларын сот тәртібімен тоқтату рәсімдерін бастады.

«Қазіргі кезде 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды. Бұл жұмыс пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуын бақылауға және медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған», — делінген ресми хабарламада.

Комитет медициналық көмек көрсету құқығы заңнама талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтаумен қатар жүруге тиіс екенін ескертті.