Қазақстанда 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта 17 облыстағы 72 вокзалды жаңарту жұмыстары аяқталды. Вокзал ғимараттары мен инженерлік желілер, сондай-ақ вокзал маңындағы аумақтар мен күту залдары жаңартылды.

Ең қатты тозған нысандарда ескі ғимараттар толық бұзылып, орнына жаңа жолаушылар кешендері салынды.

Үкіметтің мәліметінше, тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды пайдалануға беру жоспарлануда, 15 нысанда жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Жалпы алғанда, 2026 жылы 124 вокзалдың 121-ін реконструкциялау жоспарлануда. Тағы үш ірі нысан – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқталады.

Олардың тарихи-архитектуралық құндылығы бар, сондықтан жұмыстар ғимараттардың бастапқы сәулеттік келбетін сақтауға қойылатын талаптарды ескере отырып, жеке кесте бойынша жүргізілуде, – деп хабарлады үкімет.

Қабылданып жатқан шаралар теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.