Қазақстанда тексерістің нәтижесінде 7 микроқаржы ұйымы лицензиядан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеріс кезінде заңнама талаптарын жүйелі түрде бұзу фактілері анықталған болатын. Осыған байланысты 7 микроқаржы ұйымы лицензиядан айырылды.

Лицензиядан айырылған ұйымдар

  • 01"MaxMoney" ЖШС (23.10.2026ж. №67 бұйрық);
  • 02"Microfinance Systems" ЖШС (23.10.2026ж. №68 бұйрық);
  • 03"SurfKaz Finance" ЖШС (23.10.2026ж. №69 бұйрық);
  • 04"MFO№1" ЖШС (23.10.2026ж. №70 бұйрық);
  • 05"Умит Финанс" ЖШС (23.10.2026ж. №71 бұйрық);
  • 06"Вивус" ЖШС (23.10.2026ж. №15 бұйрық);
  • 07"EL QAZYNA" ЖШС (23.10.2026ж. №16 бұйрық).

Лицензиядан айырылған микроқаржы ұйымдары қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ, жекелеген жағдайларды қоспағанда микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.

Заңнамаға сәйкес, лицензия қайтарылған жағдайда микроқаржы ұйымы 30 күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын олардан алынған сөздер мен қысқарған сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.