Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар. Атап айтқанда:
- 01Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға;
- 02Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға;
- 03Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға;
- 04Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға;
- 05Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға;
- 06Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға;
- 07Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
Министрлік хабарлауынша, дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
