Қазгидромет алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 23-25 шілде аралығында солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

"Суық ауа массаларын әкелетін циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де әсер етеді", – дейді синоптиктер.

Ал елдің батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, күн айтарлықтай ысиды. Күндіз ауа температурасы +34...+39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аудандарда +40...+44 градусқа дейін аптап ыстық болады.