Қазақстанда 38,7 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал азығының барлық түрі бойынша 38,7 млн тонна азық дайындады.

Бұл көрсеткіш 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңіне жоспарланған көлемнің 93,7%-ын құрайды.

Қандай азық түрлері дайындалды

Ведомствоның хабарламасында нақты көрсеткіштер келтірілген:

  • 0126,4 млн тонна шөп;
  • 022,3 млн тонна пішендеме;
  • 032,3 млн тонна сүрлем;
  • 044,3 млн тонна сабан;
  • 053,4 млн тонна құрама жем.

«Бүгінгі таңда 26,4 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,3 млн тонна сүрлем, 4,3 млн тонна сабан және 3,4 млн тонна құрама жем дайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Шөп дайындау жоспары артығымен орындалды

Министрліктің атап өтуінше, шөп дайындау жоспарының артығымен орындалуы қосымша сақтандыру қорларын қалыптастыруға және қолайсыз ауа райы жағдайлары туындаған кезде мал шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қысқы кезеңге жоспарланған көлемдер

Жалпы, 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңі басталғанға дейін мынадай көлемдерді дайындау жоспарланып отыр:

  • 0125,7 млн тонна шөп;
  • 022,3 млн тонна пішендеме;
  • 032,8 млн тонна сүрлем;
  • 044,8 млн тонна сабан;
  • 055,7 млн тонна құрама жем.

Осылайша, қазіргі уақытта шөп дайындау жоспардан асып түсті, ал қалған азық түрлері бойынша жұмыс жалғасуда.