Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

28-30 шілде күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Ал Қазақстанның оңтүстігінде Иранның аудандарынан құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Батыс өңірлерін қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде біртіндеп ауа температурасы жоғарылайды. Күндізгі уақыттарда термометрлердің бағандары республиканың солтүстік жартысында 30-38 градусқа, оңтүстік жартысында 33-44 градусқа жетеді", - дейді синоптиктер.