Синоптиктер 22 маусым 2026 жылы Астана, Шымкент және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз күшті ыстық 35-38 градус. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз күшті ыстық 35 градус.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде күндіз күшті ыстық 38 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз күшті ыстық 35-38 градус, батысында, оңтүстігінде өте күшті ыстық 41 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз күшті ыстық 35-38 градус. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша күшті ыстық 35-36 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында күндіз күшті ыстық 35 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай, батысында, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кейде 25 м/с. Күндіз күшті ыстық 35 градус. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, батысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде күшті ыстық 35 градус. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында сақталады, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі.
Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын жел, батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша күшті ыстық 35-38 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында күндіз күшті ыстық 35 градус. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз күшті ыстық 35-36 градус.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз күшті ыстық 35 градус, облыстың оңтүстігінде 39 градус. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында түнде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз күшті ыстық 35-38 градус. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында күшті ыстық 35 градус. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша күшті ыстық 40-42 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күшті ыстық 40 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
