Қазақстанда 20,5 миллионнан астам адам тұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтерінде көрсетілгендей, халықтың басым бөлігі, яғни 64,2%-ы қалаларда тұрады.
Елдегі ең халқы көп қала – Алматы. Онда 2 миллион 390 мың адам тұрады.
Сондай-ақ Қазақстанда әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда сәл жоғары. Әйелдер халықтың 51,1%-ын, ал ерлер 48,9%-ын құрайды.
