Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобасының 7-еуі іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын ЖЭК-тің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт қуаты бар 7 нысан пайдалануға берілді.
Пайдалануға берілген нысандардың қатарында: - Қостанай облысында қуаты 50 МВт "Aspan Energo" ЖШС жел электр станциясы; - Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт "Stellar Energy" ЖШС күн электр станциясы; - Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт "Altyn Solar Energy" ЖШС күн электр станциясы; - Жетісу облысында қуаты 20 МВт "Jetisu Terra Power" ЖШС күн электр станциясы; - Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын "Гиперборея" ЖШС-нің үш жел электр станциясы.
"Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт "Альхена" ЖШС-нің екі күн электр станциясы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт "Тауэнерго" ЖШС-нің шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
ЖЭК жобаларын іске асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.
