«Қазгидромет» 17-19 қазанда Қазақстанда күн суытатынын хабарлады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Республика бойынша тұман түсіп, елдің шығысында көктайғақ болады.
Ауа температурасы
Оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде түнде ауа температурасы -1…-7°C-қа дейін төмендейді.
- 01**Батыста** күндіз +18…+25°C болады.
- 02**Солтүстік-батыста** түнгі ауа температурасы 0…+5°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +13…+18°C-тан +15…+20°C-қа дейін көтеріледі.
- 03**Солтүстікте** түнде ауа температурасы 0…+5°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +6…+12°C-тан +12…+17°C-қа дейін көтеріледі.
- 04**Шығыста** түнде ауа температурасы 0…+5°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +3…+12°C, таулы аймақтарда -2°C болады.
- 05**Оңтүстікте** түнде +2…+7°C, күндіз +18…+25°C болады.
- 06**Оңтүстік-шығыста** күндіз +10…+18°C, таулы аймақтарда +3…+8°C жылы болады.
Астана
- 01**17 қазан:** таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1…+3°C, күндіз +10…+12°C болады.
- 02**18 қазан:** жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C болады.
- 03**19 қазан:** көшпелі бұлт шығады, кешке қарай жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +12…+14°C болады.
Алматы
- 01**17 қазан:** жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1…+3°C, күндіз +13…+15°C болады.
- 02**18-19 қазан:** күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +15…+17°C болады.
Шымкент
- 01**17 қазан:** күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +22…+24°C болады.
- 02**18-19 қазан:** түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C болады.
