Қазақстанның кейбір өңірлерінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазгидромет» 12-14 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады. Айтуынша, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбырлы және салқын демалыс күндері күтіледі.
«Елде тұрақсыз ауа-райы күтіліп отыр, жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Солтүстік аймақтарда ауа райы айтарлықтай салқындайды», — дейді синоптиктер.
Солтүстікте жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты, жел күшейеді. Сонымен қатар, елдің батысында ауа-райы біртіндеп тұрақтанады: жаңбыр тоқтап, ауа температурасы қайта жылынады.
Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте +13+20 °С дейін, орталық аймақтарда +15+25 °С дейін төмендейді. Батыста температура біртіндеп +20+30 °С дейін көтеріледі.
Астана
12 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +14+16°С, күндіз +20+22°С. 13 қыркүйекте де осы ауа райы сақталады. 14 қыркүйекте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +16+18°С.
Алматы
12 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +19+21°С, күндіз +30+32°С. 13-14 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С.
Шымкент
12-13 қыркүйекте ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С. 14 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С ыстық болады.
