11 шілдеден бастап «Талдықорған – Өскемен» тас жолының бір бөлігі ақылы жолға айналады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдың ұзындығы 772,955 км, ал ақылы кезең 20 жылды құрайды. Бүкіл бағыт бойынша бір жақты ақы төлеу тарифтері көлік түріне байланысты 117 теңгеден 25 292 теңгеге дейінгі төлемді құрайды. Ай сайынғы және жылдық жол жүру абонементтері де қолжетімді.

Қазақстанда жалпы ұзындығы 4883 км болатын 26 ақылы учаске бар. Алғашқы ақылы учаске «Астана – Щучинск» тас жолында 2013 жылы ашылды.