[ad_1]

««Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың 60% астамын айналасындағылар жасайды. Атап айтқанда, әкелер, өгей ата-ана және жақын таныстары. Мұндай қылмыстардың 40%, былай айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен ерікті келісім негізде жасалады. Қазақстанда мұндай қылмыстарды көбіне 18 жастан 25 жасқа дейінгі адамдар жасап жатады», — деді Ренат Зұлхайыров брифингте.»

—

Спикердің сөзінше, жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбеюіне интернет кеңістігіндегі заңсыз мазмұндағы мәліметтер де ықпал етіп отыр.

««Біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге заңсыз мазмұндағы мәліметтерді анықтаймыз. Биылдың өзінде осындай сипаттағы 5 мыңнан аса сайт белгілі болды. Бүгінде оның 1,5 мыңнан астамы бұғатталды», — деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.»

—