Фото: коллаж qazaqyia.kz/

Танымал фембике, қоғам белсендісі Айгерім Құсайынқызы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың әзіліне жауап берді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

«“Құрметті Павел Дуров мырза! Қазақстанға келіп, жасанды интеллект туралы пікір бөліскеніңіз үшін алғыс айтамыз. Алайда бір ескертпеміз бар: “Қазақстанға жар іздеуге келеді”деген қалжыңыңыз біздің қоғамда кең талқыға түсіп жатыр. Көшпенді қазақ қоғамының әйелдері үнемі объект емес, өзгерістің агенттері болған. Ал біз – сол ұрпақтың жалғасымыз. Біз экспорттайтынымыз – білім, технология және адам құқықтарына құрмет», – деп жазды Айгерім.»

Сондай-ақ қоғам белсендісі еліміз қыз іздейтін жер емес екенін ескертті.

««Қазақстанға жар іздеп келеміз» дейтіндердің әрекетін күлкі ретінде қолдану – бізді тауарша сипаттау әрі мәдениетімізді сыйламау. Қазақстан – «жар базары» емес, идеялар елі. Бұл қалжың форматында болған риторика әйелдерді субъектіктен айырып, елдің білім мен технологияға негізделген күн тәртібіне, сондай-ақ гендерлік теңдік бойынша жүргізіліп жатқан реформаларына қайшы келеді. Біз диалогты “стереотиптен” емес, инновация мен инклюзиядан бастауды ұсынамыз. Әпке-қарындастарын өзге ұлттардан қызғыштай «қорғайтын», себебі бізді «ұлт меншігі» көретін уытты маскулиндіктің майын тамызып тұрып сізге дәріс-ақыл айтар біз қаламаған, Құдайдан сұрамаған аға-інілеріміз сізге қоқан-лоқы көрсетіп жатса, оның себебі сіздің сөздеріңіз екенін ұмытпаңыз. Ескертіп қоюды жөн көрдім», – деп жазған ол.»