Қазақстан World Population Review платформасында жарияланған Most Powerful Countries 2026 кестесінде 34-орынға тұрақтады. Республика Венгрия мен Египеттің арасынан орын алып, Дания, БАӘ және Сауд Арабиясын артқа тастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дания 36-позицияда, БАӘ — 37-де, Оңтүстік Африка Республикасы — 38-де, Норвегия — 39-да тұр. Сауд Арабиясы 40-орынды, Пәкістан — 42-ні, Иран — 46-ны иеленген.
Кестеде ұсынылған посткеңестік мемлекеттердің ішінде Қазақстаннан жоғары тек Ресей ғана орналасқан — ол 11-жолда. Украина 51-орынды, Литва — 56-ны, Беларусь — 57-ні, Өзбекстан — 71-ді алды.
Алғашқы үштікке Қытай, АҚШ және Үндістан кірді. Одан кейін Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия тұр.
World Population Review халықаралық ықпал рейтингін U.S. News & World Report-қа сілтеме жасап келтіреді. Оның түсіндірмесінде бес критерий аталған: көшбасшылық, экономикалық және саяси ықпал, халықаралық одақтар және әскери қуат. Тізімдегі орын Power Rank деп белгіленген: нөмір неғұрлым аз болса, елдің позициясы соғұрлым жоғары.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстан Швейцариялық IMD орталығының экономикалар бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде 38-орынды иеленіп, Испания, Португалия, Польша және Италияны артқа тастағанын жазған. Зерттеу елдерді экономикалық көрсеткіштер, үкімет пен бизнестің тиімділігі, сондай-ақ инфрақұрылым жағдайы бойынша бағалайды.
